
Ағылшын және Испания чемпиондары "Арсеналдың" 24 жасар Франциялық орталық қорғаушы Уильям Салиба үшінгі күресті бастады.
"Манчестер Сити” Салибаны 2019 жылдан бері бақылап келеді. Ол кезде қорғаушы "Сент-Этьен” сапында ойнаған болатын, Пеп Гвардиола оны командаға қосқысы келген, бірақ бұл келісім жүзеге аспаған. Қазір "Сити” Салиба үшін 100 миллион еуродан жоғары ұсыныс жасауға дайын. Бұл шешім команданың қорғаушылары Рубен Диаш пен Натан Аке қажетті деңгейде өнер көрсете алмай жүргеніне байланысты қабылданған сыңайлы.
"Реал Мадрид” те Салибаны команданың қорғанысының болашақ көшбасшысы ретінде қарастырып отыр. Осыған байланысты олар "Арсеналмен” келіссөздерді бастап кеткен.
Алайда "Арсенал" оны оңайлықпен жібергісі келмейді. Микел Артета Салибаны команданың басты ойыншыларының бірі деп санайды және жаңа келісімшарт жасау үшін жұмыс істеп жатыр.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET