«Манчестер Сити» Месси үшін кез-келген соманы төлеуге дайын

16.08.2020, 19:53
Жалқаудың ертеңі бітпес дегендей, Гвардиола мен Месси Чемпиондар Лигасын жеңуді тағы да келесі жылға қалдыруда.
«Манчестер Сити» Месси үшін кез-келген соманы төлеуге дайын

«Манчестер Сити» «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессиді сатып алу үшін кез келген соманы төлеуге дайын, деп хабарлайды Mirror.

Дереккөздің хабарлауынша, Англия клубы Мессидің бұрынғы тәлімгері Хосеп Гвардиоламен кездесуі ойынға оң әсер етуі мүмкін деп санайды. Айтуынша, «қала тұрғындары» аргентиналық футболшыға қанша қажет болса, сонша төлеуге дайын.

Бұқаралық ақпарат құралдары Месси Чемпиондар лигасының ширек финалында «Бавариядан» (2:8) ұтылып, турнирден шығып кеткеннен кейін «Барселонадан» кетуді ұйғарғанын жарыса жазуда. 33 жастағы шабуылшы клуб басшылығына наразы және 2021 жылдың маусымына дейін есептелген келісімшартты жаңартуды қаламайды.

«Интер» клубы да Мессиге қызығушылық танытып отыр деген ақпарат бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×