«Манчестер Сити» Мессиді өз қатарына қосатынына сенімді

16.12.2020, 17:12
“Манчестер сити” Мессиге таласта париждіктерден басым түсетініне сенімді.
«Манчестер Сити» Мессиді өз қатарына қосатынына сенімді

“Манчестер сити” “Барселонаның” жұлдызы Мессиге таласта “Пари Сен-Жерменнің” алдын орап кететініне сенімді, деп хабарлайды Goal.com Daily Express-ке сілтеме жасап.

Дереккөзге сүйенсек, “қалалықтар” басымдылық ретінде бас бапкерлері Хосеп Гвардиоланы санап отыр. Өйткені Гвардиола 2008-2012 жылдар аралығында Мессимен “Барселонада” бірге жұмыс істеген.

Ал ПСЖ жақын достар Неймар мен Мессидің басын қосқысы келеді. Месси париждіктер қатарын толықтырмаса, Неймар клубтан кетеді деген ақпараттар да тараған еді.

Естеріңізге сала кетсек, Месси жазғы трансферлік терезеде “Барселона” сапынан кеткісі келді, бірақ клубтың экс президенті Хосеп Бартомеу Мессиді өзге клубқа жібермеді.

Келісімшарт бойынша жаңа жылдан кейін Месси қалаған клубына ауыса алады. Аргентиналық шабуылшыға басты үміткерлер: “Манчестер сити” мен “Пари Сен-Жермен”. Сонымен бірге қаржы мәселесінің қиындауы себепті де Месси каталондықтар сапынан кетіп, аталған екі клубтың бірінің қатарына қосылуы мүмкін.

Месси Испания чемпионатының ағымдағы маусымында 11 ойынға қатысып, бес мәрте қақпа торын тулатқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×