"Манчестер Сити" Неймар үшін 138 млн еуро беруге дайын

22.05.2013, 16:37
"Манчестер Сити" Неймар үшін 138 млн еуро беруге дайын

“Манчестер Сити” Неймар үшін 138 миллион евро беруге дайын. “Сантос” шабуылшысы үшін қазірде қызу талас жүруде. Мәселен мадридттік “Реал” мен “Барселонада” 21 жастағы шеберді өзінде көргісі келеді. Егер Неймар манчестерлік клубта өнер көрсетуге келіссе, ол әлемдегі ең қымбат ойыншы атанбақ. Бейресми ақпаратқа сәйкес каталондық клуб бразилиялықпен алдан ала келісімге отырып қойған. Сондықтан жоғарыда жазылған соманың 40 миллионы “Барселонаға” аударылмақ. Бұған дейін талантты ойыншы “Бавариямен” келісімге келді деген ақпарат тараған. Алайда Неймардың өзі бірде-бір ресми мәлімдеме жасаған жоқ. 1360219745_1

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Бапкер Карлос
Серіктес жаңалықтары
×