“Манчестер Сити» өз стадионында ашық жаттығу өткізді

05.08.2011, 22:02
“Манчестер Сити» өз стадионында ашық жаттығу өткізді

Манчестерлік клубты бразилиялық «Коринтиансқа» алмастырған Тевестің қатыспағанына қарамастан, "Хай Роуд" стадионына 10 000-ға тарта жанкүйер жиналды. Роберто Манчини шәкірттері өткен маусымдағы кеткен кемшіліктердің орнын толтырып, шабуыл шебін күшейтпек. Алайда, былтырғы жылы сұр мергендердің бәсекесінде екінші орыннан көрінген Тевессіз бұл межеге жету қиын болмақ. Испан жігіті Давид Сильва мен италиялық Болотелли сияқты футболшыларға арқа сүйеген Манчини, биыл үздік үштіктің қатарынан көрінуді көздеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×