«Манчестер Сити» Саненің орнын басатын ойыншы сатып алды

05.08.2020, 14:17
Торрес тіпті негізгі құрам ойыншысы болуы мүмкін.
«Манчестер Сити» Саненің орнын басатын ойыншы сатып алды

«Манчестер Сити» ресми сайтында «Валенсияның» жартылай қорғаушысы Ферран Торрестің ауысқандығы туралы хабарлады. Трансфер құны 23 миллион еуроны құрады. Одан бөлек, 12 миллион еуро бонус ретінде қарастырылған.

20 жастағы футболшының "қала тұрғындарымен" бес жылдық келісімшарты бар.

"Манчестер Ситиге" қосылғаныма қуаныштымын. Әр футболшы шабуылдаушы командаларда ойнағысы келеді, ал "Манчестер Сити" әлемдегі шабуыл стилінде ойнайтын командалардың бірі. Клубтың болашақ жетістігіне өз үлесімді қосамын деп үміттенемін", - деді Торрес.

Торрес - "Валенсияның" түлегі. 2019/2020 маусымда жартылай қорғаушы Испания Чемпионатының 34 матчына қатысты (26 - негізгі құрамда), 4 гол соғып, 5 голдық пас берді, сонымен қатар төрт сары қағаз алды.

"Манчестер Сити" 2019/2020 маусымда Англия Премьер-лигасын екінші орынды аяқтап, Чемпиондар лигасына жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×