«Манчестер Сити» талантты бразилиялық футболшыны сатып алмақ

15.02.2022, 23:33
Трансфер құны 6,5 миллион еуроны құрамақ.
«Манчестер Сити» талантты бразилиялық футболшыны сатып алмақ

«Манчестер Сити» «Атлетико Минейрода» өнер көрсететін бразилиялық талантты футболшы Савиньоға ресми ұсыныс жасады, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.

2004 жылы дүниеге келген, Савиньо (Савио Морейра де Оливейра) деген атпен танымал футболшы «Атлетико Минейрода» вингер ретінде ойнайды.

«Манчестер Сити» футболшының трансфері үшін 6,5 миллион еуро ұсынып отыр. Англиялық клуб Савиньоны сатып алып, «ПСВ Эйндховенге» жалға беруді жоспарлауда.

Савиньоға «Арсенал» мен Red Bull компаниясына тиесілі клубтар дв қызығушылық танытты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×