«Манчестер Сити» жақын күндері Эрлинг Холандпен келіссөз жүргізеді

16.04.2022, 02:00
Гвардиола басқа клубтардың алдын орап кеткісі келеді.
«Манчестер Сити» жақын күндері Эрлинг Холандпен келіссөз жүргізеді

«Манчестер Сити» дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Эрлинг Холандтың қатарға қосу үшін мейлінше тез жұмыс жасауды және алдағы күндері келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.

21 жастағы норвегиялық әлі болашағы туралы шешім қабылдаған жоқ, сондықтан «қалалықтар» оның таңдауына өз әсерін тигізгісі келеді.

Сондай-ақ Холандпен мәміле жасасқаннан кейін «Манчестер Сити» жаңа жартылай қорғаушының трансферіне назар аударады деп күтілуде.

Осы маусымда Эрлинг «Боруссия» сапында 25 матчта 23 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Шабуылшының дортмундтық клубпен келісім-шарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін жасалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×