«Манчестер Сити» жартылай финалға шықты

29.06.2020, 06:46
Жартылай фыиналға шыққан 4 команда белгілі.
«Манчестер Сити» жартылай финалға шықты

Англия кубогы, 1/4 финал.

28 маусым. Ньюкасл. Стадион "Сент-Джеймс Парк".

Төреші - Ли Мэйсон (Болтон).

НЬЮКАСЛ - МАНЧЕСТЕР СИТИ - 0:2 (0:1).

Голдар: де Брейне, 37-пенальти (0:1). Стерлинг, 68 (0:2).

Күні кеше ғана МЮ "Норвичті" жеңіп келесі кезеңге өтсе, бүгін бұл тізімді "Челси" мен "Арсенал" толықтырдық. Лондонның екі командасы Манчестер қаласының екі ұжымымен кездеседі. Яғни, "Манчестер Юнайтед" "Челсимен", ал "Манчестер Сити" "Арсенал" клубымен бақ сынап көреді. 18-19 шілде күні екі жартылай финал матчтары өтеді. Ойынның екеуі де "Уэмбли" стадионында өтеді.

Бүгін "Челси" "Лестерді" 1:0 есебімен жеңді, гол авторы Рос Баркли. Ал "Арсенал" "Шэфилд Юнайтедті" соңғы минутта соққан голдың арқасында артта қалдырды. 25 минутта Николас Пепе пенальтиден есеп ашты. Екінші таймда, дәлірек айтсақ 87-минутта Макголдрик таразы басын теңестіріп кетті. Бірақ, "Арсенал" соңына дейін күресіп, соңғы минутта Себальостың арқасында алға шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×