"Манчестер Ситиде" коронавирус жұқтырғандардың саны артты, осыған байланысты Англия Премьер-лигасының 15-турындағы "Эвертонмен" болатын кездесу кейінге шегерілді.
The Athletic-тің хабарлауынша, 27 желтоқсанда өткізілген тестілеудің нәтижелері бойынша тағы үш ойыншы инфекция жұқтырған, олардың аты-жөндері көрсетілмеген. Осылайша, команда сапында вирус жұқтырғандардың жалпы саны жеті адамға жетті, өйткені бұған дейін клуб қорғаушы Кайл Уокер мен шабуылшы Габриэль Жезустан, сондай-ақ команданың екі қызметкерінен вирустың белгілерін анықтаған еді.
"Манчестер Ситиде" вирус жұқтырушылар санының көбеюіне байланысты "Челси" және "Манчестер Юнайтедпен" болатын матчтар да кейінге қалдырылуы мүмкін. Егер "Манчестер Сити" демалыс күндеріне дейін жаттығуға оралса "Челсимен" ойнауы мүмкін. Алайда жақын күндері тестілеу кезінде инфекцияның жаңа жағдайлары анықталса, матч кейінге шегеріледі.
Англия чемпионатының 17-турындағы "Челси" - "Манчестер Сити" матчы 3 қаңтарда Лондонда өтеді. Лига кубогының жартылай финалындағы алғашқы ойында "Манчестер Юнайтедпен" болатын дерби 6 қаңтарға жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET