“Манчестер Сити” ресми сайтында екі ойыншысы мен екі клуб өкілінің короновирусқа тапсырған тесті оң нәтижені көрсетті деп хабарлайды.
Инфекция “қалалықтардың” қос ойыншысы Кайл Уокер мен Габриэл Жезустан, сонымен қатар клубтың қызметкерлер құрамындағы екі өкілінен табылған. Аталғандардың барлығы да біршама уақытқа карантиндік оқшаулауға кетеді.
Уокер ағымдағы маусымда “Манчестер Сити” сапында 19 ойынға қатысып, бір мәрте гол соғып, бір рет нәтижелі пас берген. Ал Жезус 11 ойында төрт рет қақпаны дәл көздеп, бір голдық паспен көзге түскен. “Манчестер Сити” 13 ойыннан кейін 23 ұпай еншілеп, сегізінші орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET