"Манчестер Ситидің" бұрыңғы қақпашысы Эйке Иммель алаяқтық жасағаны үшін екі жыл екі айға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Bild.
64 жастағы Неміс қақпашысы, 19 рет Германия құрамасында ойнаған және Еуро-1980 жеңімпаздарының құрамында болған.
Ол Еуропа чемпионаты матчына билеттер сатқанымен, оларды сатып алушыларға жеткізбеген деп айыпталды.
Барлығы 107 іс қаралған, олардың басым бөлігі қарызға алған ақшаны қайтармау деректері. Жалпы шығын көлемі шамамен £29 775 (шамамен 17 миллион теңге) болған.
1995–1997 жылдар аралығында "Сити" сапында 43 матчқа шыққан Иммель Марбургтегі аудандық сотта барлық айып бойынша кінәлі деп танылды.
Адвокаттарының айтуынша, ол қаржылық қиындықтарға байланысты қарыздарын қайтара алмаған.
"Иммель мырза бүгін сотта талқыланып жатқан жағдай үшін қатты ұялады. Ол күнкөріс деңгейінде өмір сүреді, бұл факт көптен бері белгілі. Ол кәсіби алаяқ емес, тек жолы болмаған бұрынғы футболшы.” – делінген қорғау мәлімдемесінде.
Иммель 2008 жылы банкрот деп жарияланып, өткен жылы әлеуметтік жәрдемақыға күнелтетінін және коммуналдық пәтерде тұратынын айтқан. Оның айтуынша, банкте небәрі бірнеше фунт қана қалған.
"Мен құдды Құдай сияқты өмір сүрдім. Кәдімгі адам сене алмайтындай істер жасадым.” – дейді ол Sat.1 арнасына берген сұхбатында.
Ол бір кездері телефон қоңырауларына £9 мың жұмсап, Рождествода сүйіктісіне £25 мың тұратын киім сыйлаған. Алайда кейінірек £800 мың көлеміндегі салық қарызын өтей алмай, қаржылық күйреуге ұшыраған.
"Ай сайын өмір сүрудің өзі қиын, кейде барлық шығынды төлеген соң қалтамда £2 ғана қалады." – деп мойындады Иммель.
Англиядағы мансабы қысқа болса да, ол Бундеслигада 550 матч өткізген. "Боруссия Дортмунд" және "Штутгарт" сапында ойнаған, 1992 жылы Германия чемпиондығын жеңіп алған. Сондай-ақ, Еуро-1980 жеңімпазы және 1982, 1986 жылдардағы әлем чемпионаттарының финалисі атанған.