“Манчестер Ситидің” тәжірибелі қақпашысы Эдерсон Түркияға бет алды. Бразилиялық голкипер Стамбұлдың “Фенербахче” клубымен келісімге келді.
Журналистердің мәліметінше, тараптар ауысым құны бойынша ауызша келісімге қол жеткізген. “Ситиге” трансфер үшін шамамен 13–14 миллион еуро төленбек. Сонымен қатар ойыншының жеке шарттары да оның агенті Жорже Мендеш пен “Фенербахченің” спорт директоры Девин Өзек арасында келісілді.
Эдерсон “Манчестер Сити” сапында 8 жыл ойнап, клуб тарихындағы ең табысты кезеңдердің бірінің басты кейіпкерлерінің бірі болды. Ол бірнеше рет Ағылшын Премьер лигасының чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында да жеңіске жетті.
Осылайша, 31 жастағы қақпашы жаңа маусымды Түркияда бастап, “Фенербахченің” негізгі қақпашысы болмақ.