«Манчестер Ситимен» тең ойнаған «Вест Бромвич» бас бапкерді қызметінен босатпақ

16.12.2020, 15:59
Оның орнын басатын бапкер де белгілі болды.
«Манчестер Ситимен» тең ойнаған «Вест Бромвич» бас бапкерді қызметінен босатпақ

«Вест Бромвичтің» бас бапкері Славен Билич «Манчестер Ситиге» қарсы матч нәтижесіне қарамастан қызметінен босатылады, деп хабарлайды Daily Mail. Премьер-Лиганың 13-ші тур матчы Манчестерде өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Дереккөздің айтуынша, мұндай нәтижеге қарамастан клуб иелері Биличті жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр.

Маманның отставкаға кететіні туралы бүгін, 16 желтоқсанда хабарланады, оны «Эвертон» мен Англияның бұрынғы бас бапкері Сэм Эллардайс алмастырады деп хабарланды.

Хосеп Гвардиола шәкірттері 20 ұпайға ие және Премьер-лиганың турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр. «Вест Бромвич» өз кезегінде 7 ұпай жинап, 19-шы орында тұр. Премьер-лиганың келесі турында «Манчестер Сити» «Саутгемптонмен», ал «Вест Бромвич» «Астон Вилламен» ойнайды. Кездесулер сәйкесінше 19 және 20 желтоқсанда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×