«Манчестер Юнайтед» 12 матчқа шеттетілген Киран Триппьерді сатып алуды жоспарлаған екен

26.12.2020, 21:23
Әзірге келіссөздер ойыншының 10 аптаға шеттетілгеніне байланысты тоқтап қалды.
«Манчестер Юнайтед» 12 матчқа шеттетілген Киран Триппьерді сатып алуды жоспарлаған екен

"Манчестер Юнайтед" "Атлетиконың" қорғаушысы Киран Триппьерді сатып алуды жоспарлаған екен.

The Athletic басылымының хабарлауынша, ағылшын клубы 30 жастағы ойыншыны сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқан еді, бірақ қазір тоқтап қалды. "Манчестер Юнайтед" Аарон Уан-Биссакаға бәсекелес табу арқылы осы позицияны нығайтқысы келеді, бірақ клубта бұл орынға лайықты жаңа үміткерлер жоқ.

Триппьер және оның жанұясы Испаниядан Англияға оралуға қарсы болмас еді, бірақ жағдай ойыншы бірнеше күн бұрын алған 10 апталық дисквалификацияға байланысты қиындады. Осы жағдайдың әсерінен Киран қысқы трансферлік терезеде ешқайда ауыспауы мүмкін.

Триппьер - "Манчестер Ситидің" түлегі. Ол 2015 жылдан 2019 жылға дейін "Тоттенхэм" сапында ойнады. Осы маусымда футболшы Ла Лигада 13 матч өткізіп, 4 нәтижелі пас берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×