«Манчестер Юнайтед» 60 жыл бұрынғы рекордты қайталады

19.12.2020, 00:29
Ал «Шеффилд» 13 турда 1 ғана ұпай жинап, турнирдің антирекордын орнатты.
«Манчестер Юнайтед» 60 жыл бұрынғы рекордты қайталады

Англия Премьер-лигасының 13-турының соңғы матчында "Шеффилд Юнайтед" пен "Манчестер Юнайтед" кездеседі. Кездесу Шеффилд қаласында, "Брэмелл Лэйн" стадионында өтіп, 2:3 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

Opta Sport басылымының хабарлауынша, "қызыл сойқандар" 1960 жылдан бері Премьер-лигада сырт алаңда қатарынан он матчта екі голдан көп соққан алғашқы команда болды.

"Манчестер Юнайтед" құрамында шабуылшылар Маркус Рэшфорд дубль жасады және Антони Марсьяль бір голмен көзге түсті. "Манчестер Юнайтед" 23 ұпаймен Англия Премьер-лигасының турнир кестесінде 6-шы орынды иемденеді. Ал "Шеффилд Юнайтед" (1 ұпай) - соңғы, 20-шы орында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×