«Манчестер Юнайтед» АПЛ рекордын орнатты

06.12.2020, 16:13
Бұл рекорд әр тур сайын жаңарып отыратын секілді.
«Манчестер Юнайтед» АПЛ рекордын орнатты

Англия премьер-лигасының 11-тур матчында "Вест Хэм Юнайтед" пен "Манчестер Юнайтед" кездесті. Кездесу Лондондағы "Олимпиадалық" стадионда өтіп, 3:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

OptaJoe статистикалық порталы хабарлағандай, "Вест Хэмммен" болған матч "Манчестер Юнайтедті" Англия премьер-лигасындағы камбэк жасау арқылы көп ұпай жинаған командалар тізімінің басына шығарды.

Дәл осы камбэктің арқасында "Манчестер Юнайтед" Премьер-лигада 385 ұпай жинады, бұл ең жақсы нәтиже. "Қызыл сойқандардан" кейін Лондонның екі командасы - "Тоттенхэм" (383 ұпай) және "Арсенал" (356 ұпай) келе жатыр, ал "Ливерпуль" (336 ұпай) мен "Челси" (332 ұпай) алғашқы бестікті түйіндеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×