«Манчестер Юнайтед» АПЛ рекордын орнатты

13.03.2022, 18:14
Роналду да бұл ойында әлемдік рекордты жаңартты.
«Манчестер Юнайтед» АПЛ рекордын орнатты

«Манчестер Юнайтед» Англия чемпионатының 29-шы турында «Тоттенхэмді» жеңу арқылы (3:2) турнир рекордын орнатты. Бұл туралы OptaJoe хабарлады.

Статистикалық порталдың мәліметінше, «Манчестер Юнайтед» Премьер-лига аясында өз алаңындағы 400-ші жеңісіне қол жеткізді, бұл осы көрсеткішке жеткен Англиядағы алғашқы команда. Айта кетерлігі, манчестерлік клубтан «Олд Траффордта» кешегі қарсыласы «Тоттенхэм Хотспур» ең көп жеңілген (23 мәрте).

«Манчестер Юнайтед» 29 матчта 50 ұпай жинап, Ағылшын Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 4-ші орында тұр. «Тоттенхэм Хотспур» (45 ұпай) 7-орынға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×