«Манчестер Юнайтед» араға 1214 күн салып Премьер-лигада көш бастады

13.01.2021, 09:27
Чемпион бола ала ма?
«Манчестер Юнайтед» араға 1214 күн салып Премьер-лигада көш бастады

“Манчестер Юнайтед” Премьер-лиганың кейінге шегерілген 1-тур ойнында “Бернлиді” 0:1 есебімен жеңіп, бірінші орынға шықты.

Матч тағдырын шешкен жалғыз голды 71 минутта Поль Погба соқты. Бұл Погбаның чемпионаттағы небәрі екінші голы.

Ал “қызыл сойқандар” араға үш жылдан аса уақыт салып, яғни 1214 күннен кейін АПЛ-де көш бастады. “Манчестер Юнайтед” соңғы рет 2012/2013 жылғы маусымда чемпион болған еді.

“Қызыл сойқандар” келесі матчта екінші сатыдағы “Ливерпуль” командасына қарсы ойнайды. Кездесу 17 қаңтар күні “Энфилд” стадионында өтеді.

Оле-Гуннар шәкірттері 17 ойыннан кейін 36 ұпай еншілеп, бірінші орынға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×