«Манчестер Юнайтед» басшылығы «Аякс» өкілдерімен кездесіп, аргентиналық қорғаушы Лисандро Мартинестің трансферін келісу үшін Амстердамға келді.
Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, Мартинес жақын арада «Манчестер Юнайтед» ұсынған ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қояды. «Қызыл сойқандар» «Аякс» клубына қорғаушы үшін 50 миллион еуро беруге дайын екінін мәлімдеді.
24 жастағы Лисандро Мартинес өткен маусымда «Аякс» үшін 36 ойынға қатысып, бір гол соқты, төрт нәтижелі пас берді. Қорғаушының амстердамдық клубпен қазіргі келісім-шарты 2025 жылға дейін есептелген. Мартинес Аргентина құрамасы сапында жеті матч өткізіп үлгерді.
Біздің серіктес: FONBET