«Манчестер Юнайтед» «Барселонамен» келіссөздер жүргізуде

01.10.2020, 17:05
«Қызыл сойқандар» дәл қазіргі уақытта Санчо үшін 120 миллион еуро төлеуге дайын емес.
«Манчестер Юнайтед» «Барселонамен» келіссөздер жүргізуде

"Манчестер Юнайтед" күні кеше Усман Дембеле үшін "Барселонамен" ресми келіссөздер бастады, деп хабарлады журналист Фабрицио Романо.

"Манчестер Юнайтед" Дембелені бір маусымға жалға алмақшы. "Барселона" ойыншыны нақты ақшаға сатқысы келеді. Бірақ клуб "қызыл сойқандармен" келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер Дембеле кететін болса, "Барселона" Рональд Куманның мақсат тұтқан ойыншысы Мемфис Депайды сатып алуға тырысып көреді. Каталондық клуб Депаймен жеке келісімшарт талаптарын келісіп қойғанын айта кеткен жөн.

"Манчестер Юнайтед" әлі де болса Джейдон Санчоны өзінің басты мақсаты деп санайды, бірақ "Боруссиямен" келісе алмауда. Дортмундтық клуб ойыншы үшін 120 миллион еуро сұрап отыр. Бір тиыны кем болса ұсыныс қабылдамайтындығын жеткізді.

"Манчестер Юнайтед" Дембеленің агентімен байланысып, "Ливерпуль" мен "Ювентустың" ұсыныстарынан бас тартқан ойыншыны алу үшін көп күш жұмсап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×