«Манчестер Юнайтед» бас бапкерге тағы бір мүмкіндік берді

27.10.2021, 01:23
Егер МЮ «Тоттенхэмнен» ұтылса, Сульшер жұмыстан кетеді.
«Манчестер Юнайтед» бас бапкерге тағы бір мүмкіндік берді

"Манчестер Юнайтед" басшылығындағы адамдардың көпшілігі (соның ішінде сэр Алекс Фергюсон) Сульшерге тағы бір мүмкіндік бергісі келеді. Егер МЮ келесі турда "Тоттенхэмнен" ұтылса, Сульшер қызметінен кетеді, деп хабарлайды белгілі инсайдер Фабрицио Романо.

Сульшерге әлі де болса қысым көрсетілуде. Клуб басшылығы Антонио Контемен ресми келіссөздер жүргізбеді, бірақ италиялық маман ұсынысты қабылдауға дайын тұр.

Айта кетейік, "Тоттенхэм" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы кездесу 30 қазан күні Лондонда өтеді. "Қызыл сойқандар" одан кейін "Аталантамен" және "Манчестер Ситимен" күш сынасатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×