"Манчестер Юнайтед" Бруно Фернандешті сатып алды

30.01.2020, 04:14
"Манчестер Юнайтед" Бруно Фернандешті сатып алды

Санаулы сәттер бұрын ғана "Манчестер Юнайтед" Бруно Фернандешті сатып алғанын мәлімдеді. Сонымен қоса, португалиялық футболшы медициналық тексеруден өтіп, жеке еңбек шартын талқылап та үлгерген. "Қызыл сойқандар" "Спортинг" жартылай қорғаушысы үшін 55 млн. еуро жұмсапты.

Бруну Фернандеш "Спортингке" 2017 жылы "Сампдория" сапынан ауысқан еді. Ол кезде Лиссабон ұжымы футболшы үшін 9,69 миллион еуро төлеген екен. Биылғы маусымда 25 жастағы ойыншы Португалия чемпионатында 17 ойында алаңға шығып, 8 гол салған және 7 нәтижелі пас берген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×