«Манчестер Юнайтедтің» қорғаушылары Эрик Бейи мен Аарон Ван-Биссака осы жазда командадан кетуі мүмкін, деп жазады журналист Фабрицио Романо.
Дереккөздің хабарлауынша, «қызыл сойқандар» жазғы трансферлік терезеде ойыншыларды сатуға дайын. Олардың клубтағы болашағы «Манчестер Юнайтед» басшыларының қарастыратын ұсыныстарына байланысты шешіледі.
Бейи «Манчестер Юнайтедте» 2016 жылдың шілдесінен бері ойнап келеді, ол командаға «Вильярреалдан» 38 миллион еуроға ауысып келген еді. Ойыншының клубпен келісімшарты 2024 жылдың маусымына дейін жарамды. Transfermarkt интернет-порталының мәліметі бойынша, Эриктің нарықтық құны 8 миллион еуроны құрайды.
Ван-Биссака «Манчестер Юнайтедке» 2019 жылдың жазында «Кристал Пэластан» 55 миллион еуроға ауысты. Оның клубпен қазіргі келісім-шарты 2024 жылдың маусымына дейін жарамды. Transfermarkt қорғаушыны 30 миллион еуроға бағалады.
Біздің серіктес: FONBET