«Манчестер Юнайтед» Фернандешпен түсінісе алмаған Поль Погбаны сатқысы келеді

13.11.2020, 23:57
Сульшер мен Фернандеш әке мен бала секілді бір-бірін жақсы түсінеді.
«Манчестер Юнайтед» Фернандешпен түсінісе алмаған Поль Погбаны сатқысы келеді

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушы Поль Погбаны келесі жазда сатуға ниетті, деп хабарлады TalkSPORT өз дереккөздеріне сілтеме жасап.

Газеттің хабарлауынша, команданың бас бапкері Оле Гуннар Сульшер Погба Бруно Фернандешпен сәтті қарым-қатынас жасай алмайды деп шешті. Осыған байланысты французды сату туралы шешім қабылданды. Поль Погба «Ювентусқа» 2012 жылдың жазында еркін агент ретінде ауысып барған еді. Туриндік клуб үшін ол барлық турнирлерде 178 кездесу өткізіп, 34 гол соғып, 40 нәтижелі пас берген.

2016 жылдың тамызында ол «Манчестер Юнайтедке» 105 миллион еуроға ауысты. Погба командамен бірге 2017 жылы Еуропа лигасының жеңімпазы атанды.

Бұған дейін, «қызыл сойқандардың» ойыншыға жаңа келісімшарт ұсынғысы келетіндігі туралы хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×