«Манчестер Юнайтед» Каванидің агентімен келіссөздер жүргізуде

04.10.2020, 03:03
Трансферлік терезе 5 қазан күні жабылады.
«Манчестер Юнайтед» Каванидің агентімен келіссөздер жүргізуде

"Манчестер Юнайтед" шабуылшы Эдинсон Каванидің агентімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Клуб шабуылшымен ұзақ мерзімді келісімшартқа отырғысы келеді және жылына 10 миллион еуродан астам жалақы ұсынып отыр. Сонымен қатар, «қызыл сойқандар» ойыншының агентіне де үлкен ақша төлеуге дайын, деп хабарлады спорт журналисі Фабрицио Романо өзінің Twitter парақшасында.

Бұған дейін «Ювентус», «Рома», «Гремио», «Бенфика» және «Атлетико» Каванимен келіссөздер жүргізген, бірақ уругвайлық шабуылшының қаржылық сұраныстары үлкен мәселеге айналған.

Кавани «Пари Сен-Жермен» сапында 2013 жылдан 2020 жылға дейін ойнады. Өткен маусымда ойыншы Франция чемпионатының 14 матчына қатысты (7 - негізгі құрамда), 4 гол соғып (1 - пенальтиден), 1 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×