«Манчестер Юнайтед» Каванимен келісім-шартты ұзартты

11.05.2021, 03:49
Шабуылшы Еуропа Лигасының жартылай финалында көпті таңқалдырды.
«Манчестер Юнайтед» Каванимен келісім-шартты ұзартты

"Манчестер Юнайтед" шабуылшы Эдинсон Каванимен келісім-шартты ұзартқаны туралы ресми түрде мәлімдеді.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 34 жастағы уругвайлық футболшымен жаңа келісім-шарт мерзімі 2022 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Айта кетейік, Кавани "Манчестер Юнайтедке" өткен жылдың қазан айында "Пари Сен-Жерменнен" еркін агент ретінде ауысып келді. Бұған дейін ол "Наполи", "Палермо" және "Данубио" клубтарында ойнаған. Осы маусымда форвард Англия Премьер-лигасында 23 матч өткізіп, 9 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

"Манчестер Юнайтедтің" Каванимен келісім-шартты ұзартуына түрткі болған жағдай - шабуылшының Еуропа Лигасындағы керемет ойыны. Кавани бұл турнирдің жартылай финалында 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×