«Манчестер Юнайтед» клуб тарихында болмаған рекорд орнатты

24.12.2020, 20:14
МЮ Англия лигасы кубогының жартылай финалында «Манчестер Ситимен» ойнайды.
«Манчестер Юнайтед» клуб тарихында болмаған рекорд орнатты

"Манчестер Юнайтед" Англия лигасы кубогының ширек финалында "Эвертоннан" 2:0 есебімен басым түсті.

Opta порталының хабарлауынша, Оле-Гуннар Сульшердің шәкірттері сырт алаңдағы кездесулерде АПЛ командаларын қатарынан 13 рет жеңді (барлық турнирлерде).

Бұл "қызыл сойқандардың" клубтық рекорды болып табылады. Соңғы рет команда осы жылдың 19 маусымында сырт алаңда қарсыласын жеңе алмаған еді. Ол кезде "Манчестер Юнайтед" 2019/2020 жылғы маусымдағы Англия Премьер-лигасының 30-туры матчында "Тоттенхэммен" тең ойнады. Кездесу Лондонда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

13 турда 26 ұпай жинаған "Манчестер Юнайтед" турнирлік кестеде "Лестер Сити" (27 ұпай) және "Ливерпульден" (31 ұпай) кейін үшінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×