«Манчестер Юнайтед» «Лидс» футболшысына көз тікті

23.04.2022, 01:50
Футболшы үшін «Лидс» 70 миллион еуро сұрауда.
«Манчестер Юнайтед» «Лидс» футболшысына көз тікті

«Манчестер Юнайтед» «Лидстің» жартылай қорғаушысы Калвин Филлипске қызығушылық танытып отыр және оны жазғы трансферлік терезеде сатып алуға ниетті. Бұл туралы Manchester Evening News хабарлайды.

Дереккөздің айтуынша, «Лидс» ойыншы үшін 70 миллион еуро сұрауы мүмкін. «Манчестер Юнайтед» 26 жастағы жартылай қорғаушыны сатып алу үшін келіссөздерді бастап кетті. Филлипс үшін жекпе-жекте манкуниандық клубқа «Лидс» талап еткен соманы төлеуге дайын «Астон Вилла» бәсекелес болмақ.

«Манчестер Юнайтед» Деклан Райс қымбат болғандықтан, бар назарын Филлипске аударды.

Филлипс осы маусымда 17 ойынға қатысып, бір гол мен бір нәтижелі пасты өз атына жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×