«Манчестер Юнайтед» Мессидің әкесімен келіссөздер жүргізді

27.08.2020, 05:35
Тегін алып жатсақ, айлығын төлеу мәселе емес деп ойлайтын секілді.
«Манчестер Юнайтед» Мессидің әкесімен келіссөздер жүргізді

«Манчестер Юнайтед» «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессиді алу туралы келіссөздерді бастады, деп жазады журналист Танкреди Палмери өзінің Твиттер парақшасында.

Дереккөздің хабарлауынша, Англиялық клубтың өкілдері Мессидің әкесі Хорхемен алдын-ала келіссөздер жүргізген. 25 тамызда Месси клуб басшылығына "Барселонадан" кететінін мәлімдеген болатын. Клуб оны жібергісі келмейді, сондықтан трансфер ұсыныстарын қабылдамайды.

Айта кетейік, Аргентиналық шабуылшының келісімшартында 700 миллион еуро көлеміндегі өтемақы туралы бап бар. Месси бас тарту ережесін қолдана отырып, "Барселонадан" тегін кетеді деп күтілуде. Футболшы бұл шешім туралы 30 мамырға дейін хабарлауы керек еді, бірақ шабуылшының адвокаттары пандемияға байланысты маусымның ұзартылғаны туралы айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×