"Манчестер Юнайтед" Нельсон Семедуді сатып алмақ

04.01.2020, 19:06
"Манчестер Юнайтед" Нельсон Семедуді сатып алмақ

"Барселонаның" қорғаушысы Нельсон Семеду карьерасын АПЛ-да жалғастыруы әбден мүмкін.

Sport.es мәліметіне сүйенсек, "Манчестер Юнайтед" өкілдері Нельсон Семедудың агенті Хорхе Мендешпен келіссөз жүргізіп жатқан көрінеді. "Қызыл сойқандар" португалдық ойыншыны осы қысқы трансферде маусымның соңына дейін жалға алмақ.

Айта кетейік, 26 жастағы қорғаушы биыл "Барселона" сапында Испания біріншілігінде 15 ойында алаңға шыққан.

Шыңғысхан ДОСМҰХАМБЕТОВ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×