«Манчестер Юнайтед» пен «Атлетико Мадрид» тең ойнады

24.02.2022, 13:31
Параллель өткен матчта да жеңімпаз анықталмады.
«Манчестер Юнайтед» пен «Атлетико Мадрид» тең ойнады

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы ойында «Атлетико» «Манчестер Юнайтедті» қабылдады. Кездесу Мадридтегі (Испания) «Ванда Метрополитано» стадионында өтіп, 1:1 есебі тіркелді.

Кездесудің 7-минутында «Атлетиконың» шабуылшысы Жоао Феликс Ренан Лодидің пасынан кейін есеп ашты. Ал 80-минутта «Манчестер Юнайтед» командасының 19 жастағы шабуылшысы Энтони Эланга Бруно Фернандештің нәтижелі пасын сәтті пайдаланып, таразы басын теңестірді. Матчтағы алғашқы голды соққан Феликс үздік ойыншы деп танылды.

Параллель өткен матчта «Бенфика» Лиссабондағы (Португалия) «Да Луш» стадионында «Аяксты» қабылдады. Бұл кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Матчтағы алғашқы голды амстердамдық клубтың шабуылшысы Душан Тадич соқты. Одан кейін Себастьян Аллер абайсызда өз қақпасына гол соғып алды. Бірақ өз қателігін түзеу үшін шабуылшыға 3 минут жеткілікті болды. Ойынның 29-минутында Аллер командасын алға шығарды. Алайда лиссабондықтар кездесудің 72-минутында Роман Яремчуктің арқасында есепті теңестірді. Бір нәтижелі пас берген Нуссаир Мазрауи матчтың үздік ойыншысы атанды.

Командалар арасындағы жауапты кездесу 15 наурызға жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×