«Манчестер Юнайтед» пен «Манчестер Сити» Холланд үшін таласып көрмек

12.12.2020, 16:18
Холланд мансабындағы келесі қадамын алдағы жазда жасауы мүмкін.
«Манчестер Юнайтед» пен «Манчестер Сити» Холланд үшін таласып көрмек

«Манчестер Сити» мен «Манчестер Юнайтед» «Боруссияның» шабуылшысы Эрлинг Холландқа қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Daily Mail.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, «қала тұрғындары» Холландты Серхио Агуэроның ізін басатын шабуылшы ретінде қарастыруда. «Манчестер Юнайтедтің» негізгі трансферлік мақсаты - оң қапталда ойнайтын шабуылшы, бірақ клуб норвегиялық футболшыны байыпты түрде қадағалап отыр. «Боруссия» осы маусымның соңын Холландты нақты нарықтық бағамен сатудың ең жақсы уақыты деп санауы мүмкін деп хабарланды, өйткені 70 миллион еуро көлеміндегі міндетті өтемақы шарты 2022 жылдан кейін күшіне енеді.

2020 жылдың қаңтарында Австрияның «РБ Зальцбург» клубынан 20 миллион еуроға ауысқан Эрлинг Холланд «Боруссия» ойыншысы атанған еді. Германия чемпионатының осы маусымында шабуылшы 8 матчқа қатысып, 10 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Сонымен қатар ол Чемпиондар лигасының 4 кездесуінде 6 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×