Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 1-ші тур матчында "Пари Сен-Жермен" өз алаңында "Манчестер Юнайтедті" қабылдады. Кездесу Париждегі (Франция) "Парк де Пренс" стадионында өтіп, 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.
23 минутта кездесудің бас төрешісі "Пари Сен-Жермен" қақпасына пенальти белгіледі, оны "Манчестер Юнайтедтің" жартылай қорғаушысы Бруно Фернандеш сәтті орындады. 55-минутта "қызыл сойқандардың" шабуылшысы Антони Марсьяль допты өз қақпасына бағыттап, есепті теңестірді. 85-минутта шабуылшы Маркус Рэшфорд «Манчестер Юнайтедтің» жеңісті голын соқты.
Үл ұпай еншілеген Сульшер шәкірттері өз тобында екінші орында тұр. Ал өткен жылғы Чемпиондар лигасының финалисттері үшінші орынға тұрақтады.
Чемпиондар лигасының H тобындағы тағы бір матчта "РБ Лейпциг" Түркияның "Истанбул Башакшехир" клубын қабылдады. Кездесу 2:0 есебімен Германиялық команданың жеңісімен аяқталды.
Біздің серіктес: FONBET