Англияның «Манчестер Юнайтед» клубы «Монако» және Колумбия құрамасының шабуылшысы Радамель Фалькаоны маусым соңына дейін жалға алды.
«Манчестер Юнайтед» Радамель Фалькао үшін «Монако» клубына бір жылға 35 миллион фунт төлеген. Ал, Радамель Фалькаоға «МЮ» басшылары аптасына 265 мың фунт төлеуге уәде берген. Кейбір ағылшындық басылымның жазуынша, шабуылшының апталық жалақысы 346 мың фунт болуы мүмкін. Бұл қаржыны теңгеге шаққанда 104 миллион теңгені құрайды.
Сондай-ақ, «МЮ» клубында Уэйн Руни аптасына 300 мың, Анхель Ди Мария 280 мың және Робин ван Перси 250 мың еуро жалақы алады.
Естеріңізге сала кетейік, «Манчестер Юнайтед» Хавьер Эрнандесті «Реал Мадрид» клубына жалға берді.