«Манчестер Юнайтед» рекорд орнатты

10.07.2020, 17:23
«МЮ» АПЛ тарихында тұңғыш рет қатарынан 4 ірі жеңіске қол жеткізді
«Манчестер Юнайтед» рекорд орнатты

Англия Премьер-лигасының 34-тур ойынында «Манчестер Юнайтед» "Астон Виланы" 3:0 есебімен жеңді. Кездесу Бирмингемде "Вилла Парк" стадионында өтті.

Гол соққан ойыншылар Бруно Фернандеш, Мэйсон Гринвуд және Поль Погба болды. Осылайша, «Манчестер Юнайтед» премьер-лигадағы қатарынан төртінші ірі жеңісіне қол жеткізді. Әр матчта голдар айырмашылығы кем дегенде үш голдан тұрды, бұл Премьер-лиганың рекорды, деп хабарлайды OptaJoe Twitter-де.

«Манчестер Юнайтед» 58 ұпаймен Англия ұлттық біріншілігінде бесінші орында келеді. "Астон Вилла" (27 ұпай) - 19 орында. Англия чемпионатының келесі турында «Манчестер Юнайтед» «Саутгемптонмен» ойнайды. Ойын 13 шілдеде Манчестерде "Олд Траффорд" стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×