«Манчестер Юнайтед» «Аякстың» бас бапкері Эрик тен Хагпен жүргізілген келіссөздерді сәтті аяқтады.
Инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, Митчел ван дер Гаг голландиялық маманның бапкерлік штабында жұмыс істеуі мүмкін. «Аякста» ол тен Хагтың көмекшісі болған еді.
Қазір клубтар Эрик тен Хагтың келісім-шартын мерзімінен бұрын бұзуға қатысты мәселелерді реттеуде. Амстердамдық клуб бұл үшін 2 миллион еуро алады деп күтілуде.
Бұған дейін «Манчестер Юнайтедтің» 52 жастағы маманмен төрт жылдық келісім-шартқа отыратыны хабарланған болатын.
Біздің серіктес: FONBET