"Манчестер Юнайтед" жаңа қақпашымен толықты

01.02.2020, 20:25
"Манчестер Юнайтед" жаңа қақпашымен толықты

"Манчестер Юнайтед" қысқы трансфердің соңғы күні құрамын қақпашымен толықтырды. Енді Англия жастар құрамасы мен Ағылшын үшінші лигасындағы "Саутенд Юнайтед" командасының қақпашысы Натан Бишоп "қызыл сойқандар" сапында өнер көрсетеді.

20 жастағы ойыншымен еңбек келісім-шарты 2 жарым жылға жарамды.

Бишоп үлкен футболдағы алғашқы матчын 2017 жылы өткізген. "Саутенд Юнайтед" жейдесінде 39 ойынға қатысқан.

Айта кетейік, Натан биыл 12 ойында 37 гол жіберген. Ал "МЮ" АПЛ-да 24 турдан кейін 5-орында келе жатыр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×