«Манчестер Юнайтед» жақын арада Френки де Йонгпен келісім-шартқа отырады

05.07.2022, 17:30
«Қызыл сойқандар» Тирелл Маласия мен Кристиан Эриксенді де қатарына қоспақ.
«Манчестер Юнайтед» жақын арада Френки де Йонгпен келісім-шартқа отырады

«Манчестер Юнайтед» Нидерланды құрамасы мен «Барселона» клубының жартылай қорғаушысы Френки де Йонгтың трансферін аяқтауға жақын, деп хабарлайды танымал инсайдер Фабрицио Романо.

Дереккөздің хабарлауынша, командалар трансфер құнына қатысты мәселені шешіп қойған. Футболшы үшін «қызыл сойқандар» 65 миллион еуро төлейді. Енді тек ойыншыға берілетін бонустарды шешу ғана қалды. Тараптар бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізуде. Романоның айтуынша, бонус көлемі 20 миллион еуроға жетуі мүмкін.

«Манчестер Юнайтед» шілде айында бес трансфер жасайды деп күтілуде. Жақын күндері манкуниандық клуб Тирелл Маласия және Кристиан Эриксенмен келісім-шартқа отырады. Сондай-ақ Эрик тен Хаг «Аякстың» ойыншысы Лисандро Мартинеске көз тігіп отыр.

Де Йонг «Барселона» сапында 2019 жылдан бері ойнап келеді. Оның клубпен келісім-шарты 2026 жылға дейін есептелген.

Де Йонг өткен маусымда «Барселона» үшін Ла Лигада 32 ойынға қатысып, үш гол соқты, үш нәтижелі пас берді. Сондай-ақ ол Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында алты ойын, Испания кубогінде екі және Суперкубокте бір матч өткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×