«Манчестер Юнайтед» жазда үш футболшы сатып алмақ

08.04.2022, 15:16
Клуб басшылығы трансферлік терезеде мол қаржы жұмсауға дайын.
«Манчестер Юнайтед» жазда үш футболшы сатып алмақ

«Манчестер Юнайтед» жазғы трансферлік терезеде қатарына қосқысы келетін ойыншылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды The Telegraph.

Дереккөздің айтуынша, «Манчестер Юнайтед» қазір «Аяксты» жаттықтырып жүрген Эрик тен Хагқа қолдау көрсетуге дайын. Клуб басшылығы Чемпиондар лигасына қатыспаса да, трансфер жасау үшін қомақты бюджет беретінін мәлімдеді.

«Қызыл сойқандар» жазда бір шабуылшы мен екі жартылай қорғаушы сатып алғысы келеді. Атап айтсақ, «Тоттенхэм Хотспурдың» шабуылшысы Гарри Кейн, «Вест Хэм Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Деклан Райс және «Астон Вилланың» жартылай қорғаушысы Джон МакГиннді өздерінің трансферлік тізіміне қосты.

Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері болып бекітілгеннен кейін, өзінің де нұсқаларын ұсынатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×