«Манчестер Юнайтедтің» титулдық демеушісі Роналдудың трансферіне қаржы бөлуге дайын

08.12.2020, 20:44
Компания Роналдудың трансфері қаржылық тұрғыдан өте тиімді болады деп ойлайды.
«Манчестер Юнайтедтің» титулдық демеушісі Роналдудың трансферіне қаржы бөлуге дайын

"Манчестер Юнайтедтің" титулдық демеушісі - "Chevrolet" компаниясы "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналдудың трансферіне қаржы бөлуге дайын, деп хабарлайды Auto Esporte.

Дереккөздің айтуынша, португалиялық футболшының трансфері компания үшін қаржылық тұрғыдан өте тиімді болады. "Shevrolet" компаниясы өзінің басты қарсыласы әрі "Ювентустың" титулдық демеушісі "Jeep" Роналдудың трансфері арқылы қыруар қаржы тауып жатыр деп есептейді.

Роналду 2003-2009 жылдар аралығында "Манчестер Юнайтедтің" намысын қорғады. "Қызыл сойқандармен" бірге ол тоғыз кубок жеңіп алды, оның ішінде үш рет Англия чемпионы және бір рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Одан бөлек Криштиану "Спортинг" пен "Реал Мадрид" клубтарында да доп тепті.

Роналду "Ювентуске" 2018 жылы қосылды. Осы маусымда 35 жастағы шабуылшы А сериясының 6 кездесуінде 8 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×