«Манчестер Юнайтедтің» төрт ойыншысы жазда командадан кетеді

20.03.2022, 00:06
Төрт футболшы да жазда еркін агент атанады.
«Манчестер Юнайтедтің» төрт ойыншысы жазда командадан кетеді

«Манчестер Юнайтедтің» бірқатар ойыншылары жазда клубтан кетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды журналист Николо Скира өзінің Twitter парақшасында.

Дереккөздің айтуынша, Поль Погба, Эдинсон Кавани, Джесси Лингард және Хуан Мата мансабын басқа командада жалғастырғысы келеді. Ойыншылар «Манчестер Юнайтедпен» келісім-шарттарын ұзартпау туралы шешім қабылдады және клубтан еркін агент ретінде кетуге дайын.

Бұған дейін Погбаның «Ювентусқа» оралуы мүмкін екені хабарланған болатын. Италиялық клуб француз футболшысына жылдық жалақысы 9 миллион еуроны құрайтын келісім-шарт ұсынды. Ал Каваниге испаниялық клубтардан ұсыныс түсті.

Дәл қазір «Манчестер Юнайтед» 29 матчта 50 ұпай жинап, Ағылшын Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 5-ші орында келе жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×