Манчестерлік дербилердің текетіресі

02.05.2012, 06:07
Манчестерлік дербилердің текетіресі
       Ағылшын премьер-лигасының 36 тур ойындары да артта қалды. Бұл   маусымдағы бір-біріне басты қарсылас-қос манчестерлік командалар болып келеді. Осы уақытқа дейін көш басында келе жатқан сэр Алекс Фергюсон шәкірттері осы турда өз орнын босатуға мәжбүр болды. 30 сәуір күні манчестрлік дербилердің ойынын жанкүйер қауым асыға күткен болатын. Бұл екі ұжым осыған дейін 134 кездесу өткізіп, оның 52-де «МЮ», 36-да «Манчестер сити», 45 рет екі команда тең ойнаған екен. Ойын басталысымен қонақтар тізгінді қола алған болатын. 2 минутта бұрыштама добын орындаған қонақтардың шабуылын Компани қайтарды. Уақыт өте келе екі команда арасындағы ойында теңелді. Енді алаң иелерінің қарқыны арта түскендей болды. Алма кезек шабуылдарға иек артқан командалар текетіресі ойынға көрік бере білді. Алаңдағы ойынның алғашқы негізгі уақыты аяқталып, қосымша қосылған уақытта алаң иелері есеп ашты. Давид Сильваның бұрыштамадан көтерген добын Венсан Компани қарсылас қақпасына тоғытты. Есеп 1:0. Екінші таймда екі команда да бір-бірін аңдып, қақпа саңылауын іздеумен болды. Алаңға Д.Уэлбек, Л.Валенсия, Э.Янгты кезегімен шығарған сэр Алекс, ойын тағдырын түпкілікті шешетін жолды іздеп бақты. Алайда «ситиліктер» бұған жол бермеді. Ойын соңында алаң иелері екінші добын соғуға талпынып бақты. Бірақ қақпашы Де Хеа өз орнынан табыла білді. Осылайша төреші қосқан 5 минут уақытымен қоса екі команда арасындағы текетірес те аяқталды. «Манчестер сити» көш басына шықты. Негізінен екі команда да ұпай көрсеткіші тең болғанымен, доп айырмасы бойынша «ситиліктер» алда. Ағылшын премьер-лигасының соңғы турларындағы ойындарда үлкен есеп айырмалары тіркелуде. Бұл да маусым соңындағы тартыс пен текетірес болар. «Қауіпті аймақтың құрбаны болуға» аз-ақ тұрған «Уиган» осы турда жеңіске жетті. Өз алаңында «Ньюкаслды» 4:0 есебімен тізе бүктірді. Осыған дейін алты тур қатарынан жеңіліссіз келе жатқан «Ньюкасл Юнайтед» ойсырай жеңіліп, бесінші орынға сырғыды. «Стэмфорд Бридждегі» ойын алаң иелерінің айқын басымдылығымен аяқталды. «Куинз Парк Рейнджерсті» қабылдаған жасыл алаң иелері 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы есеп алғашқы минутта-ақ Сттаридждің голымен ашылды. Өз ойынын соңғы матчтарда керемет көрсетіп жүрген Ф.Торрес хет-трик атанды. Д.Терри мен Ф.Малуда да ойында бір-бір голдан еншісіне жазды. Ливерпульдық «Эвертон» өз алаңында лондондық «Фулхэмді» қабылдап төрт доп айырмасымен басым түсті. Бұл да осы турдағы үлкен есеп айырмаларының бірі деуге болады. Сондай-ақ «Ливерпуль» қонақта «Норвичті» 3:0 есебімен тізе бүктірді.Ал «Суонси» мен «Вулверхэмптон» арасындағы ойында 8 доп соғылып, екі команда бір-бір ұпайдан бөлісті. Ағылшын премьер-лигасының соңғы екі туры расында да тартысты өтпек. Чемпиондық атаққа талас-тартыс манчестрлік дербилердің арасында қайта өрбімек. Екі команда да ендігі мақсат-ұпай жоғалтпау. Кім чемпион болар екен? Соңын күтейік...   Премьер-Лига, 36 тур   28 сәуір, сенбі
18:00 Эвертон     4
Фулхэм     0
18:00 Сток Сити     1
Арсенал     1
 
18:00 Сандерленд     2
Болтон     2
18:00 Суонси Сити     4
Вулверхэмптон     4
 
18:00 Вест Бромвич     0
Астон Вилла     0
18:00 Уиган     4
Ньюкасл     0
 
20:30 Норвич Сити     0
Ливерпуль     3
  29 сәуір, жексенбі
16:30 Челси     6
КПР     1
19:00 Тоттенхэм     2
Блэкберн     0
  30 сәуір, дүйсенбі
23:00 Манчестер Сити     1
Манчестер Юн     0
      36 турдан кейінгі жағдай:
1. Манчестер Сити 36 26 5 5

88:27

83
2. Манчестер Юн 36 26 5 5

86:33

83
3. Арсенал 36 20 6 10

68:44

66
4. Тоттенхэм 35 18 8 9

59:39

62
5. Ньюкасл 35 18 8 9

53:46

62
6. Челси 35 17 10 8

62:39

61
7. Эвертон 35 14 9 12

46:38

51
8. Ливерпуль 35 13 10 12

43:37

49
9. Фулхэм 35 12 10 13

45:48

46
10. Вест Бромвич 36 13 7 16

41:47

46
11. Сандерленд 36 11 12 13

44:43

45
12. Суонси Сити 36 11 11 14

43:49

44
13. Норвич Сити 36 11 10 15

47:63

43
14. Сток Сити 35 11 10 14

33:49

43
15. Астон Вилла 36 7 16 13

36:50

37
16. Уиган 36 9 10 17

38:60

37
17. КПР 36 9 7 20

40:63

34
18. Болтон 35 10 4 21

41:69

34
19. Блэкберн 36 8 7 21

47:75

31
20. Вулверхэмптон 36 5 9 22

38:79

24
 

                                                                                           Өмірбек  САНСЫЗБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
"Жетісу" желпіне алар емес
Келесі жаңалық
"Ақжайық" - "Тараз"
Серіктес жаңалықтары
×