Мәңгi РЕКОРДШЫ 5 қарашада 60 жасқа толған әйгiлi футболшы, бiлiктi бапкер Олег Блохиндi осылай атауға болады..

20.11.2012, 23:33
Мәңгi РЕКОРДШЫ 5 қарашада 60 жасқа толған әйгiлi футболшы, бiлiктi бапкер Олег Блохиндi осылай атауға болады..

19 жыл – бiр командада!

«Қазақстанның өз спортшылары тұрғанда, күлi әлдеқашан көкке ұшқан Кеңес империясының келмеске кеткен чемпионатының ардагерiн неменеге әлдеқандай ғып әспеттеп отыр?» деген пiкiрдегi кей оқырманның бұл мақаланы олқысынуы мүмкiн. Дегенмен, Олег Блохиннiң – КСРО футболының мәңгi рекордшысы екенi рас. Яғни, оның көрсеткiштерiн ендi ешкiм де жаңарта алмайды, өйткенi, бүгiнде ондай чемпионат тұрмақ, ондай елдiң өзi жоқ.

Алайда, алпыстың асқарына иек артқан ардагер Блохин – бәрiбiр кешегi күннiң қаһарманы емес. Ол – қазiр де ел алдында еңбек етiп, тәуелсiз Украина футболын алға сүйреп жүрген азамат. Бұл ғана емес, Блохин – кезiнде КСРО атты «халықтар түрмесiн» мекендеген адамдардың тұтас буынына спорттың, оның iшiнде футболдың құдыретiн мойындатқан ғажайып тұлғаның бiрi. Шайбалы хоккейдегi Валерий Харламов, жеңiл атлетикадағы Сергей Бубка, баскетболдағы Арвидас Сабонис, волейболдағы өз жерлесiмiз Елена Чебукина, мәнерлеп сырғанаудағы Ирина Роднина секiлдi жанкүйер жүрегiнен мәңгi орын тауып, сүйiспеншiлiгiне бөленген миллиондардың сүйiктiсi едi ол нағыз. ХХ ғасырдың 70-80-жылдары қазақ ауылының қара топырағын аспанға көтерiп, ортадағы жаман резеңке доп үшiн алашапқын болатын балалар өз арасындағы мықтыларын «Сен Пелесiңө» немесе «Бұл Мюллер ғой!» демейтiн едi. Нағыз шеберлердi «Мынауың таза Блохин екенө» деп мақтайтын, сүйсiнетiн. Aйткенi, iлуде бiр үйден табылар теледидардан әлгi әйгiлi бразилиялық марқасқа мен даңқты немiс сұрмергенiнiң ойынын көру өте сирек мереке болатын. Ал Блохин – қашанда көз алдыңда! Себебi, КСРО футбол чемпионаты апта сайын көрсетiлушi едi...

«Сонда бұл майын тамыза мақтап отырған мәңгi рекордшыңыз не ерлiк iстептi?» дерсiз. Айтайын. Олег Блохин Кеңес Одағы чемпионатында 432 ойын өткiзiп, 211 гол соққан. Мұның екеуi де – ендi ешқашан қайталанбас рекорд (себе- бiн жоғарыда айттық). 400-голды 1986 жылдың тамызында Алматыда «Қайраттың» қақпасына соққанын да көрсете кетелiк. Бұдан бөлек КСРО құрамасының сапында 112 рет ойнап, қарсыластар қақпасына 42 доп тоғытқаны тағы бар. Бұл көрсеткiштердiң екеуi де күнi кешеге дейiн посткеңестiк кеңiстiкте рекорд саналып келдi. Әуелi ТМД құрамасында ойнап бастап, кейiн Ресей құрамасында ұзақ жылдар өнер көрсеткен Виктор Онопко 2004 жылы өзiнiң 113-ойынын өткiздi, сөйтiп, Блохиннiң мызғымастай көрiнген ғаламат көрсеткiшi 16 жылдан соң құлады. Ал 2009 жылы бiздiң бүгiнгi кейiпкерiмiздiң ұлт футболындағы лайықты iзбасары болған Андрей Шевченко Украина құрамасының сапында 43-голын соғып, өз ұстазын басып озды (ақыры ол ұлттық команда жейдесiнде 48 доп енгiздi).

Бүгiнде бiр команда сапында ұзақ жыл өнер көрсететiн ойыншымен «ой-бауырымдап» жылап көрiсетiнiңiз рас. 1991 жылдан берi «Манчестер Юнайтедке» адалдығын сақтап келе жатқан Райан Гиггз бен 20 жылдық футболшылық ғұмырын тек қана «Миланға» арнаған Паоло Мальдини секiлдi серкелер тым сирек. Олег Блохин де өзi туып-өскен Киев қаласының ғана емес, бүкiл Украинаның үздiк клубы – «Динамоның» жейдесiн үзiлiссiз 19 жыл кигенө 1969 жылы басталған оның осы командадағы карьерасы 1987 жылы ғана үзiлдi. Сол жылдың аяғында ол Австрияның ортаңқол ғана «Форвертс» клубына ауысты. Неге? Бiрiншiден, «Динамоның» бас бапкерi Валерий Лобановский алдағы, яғни, 1988 жылғы футбол маусымынан бастап жаңа шабуылшылар жұбына – Игорь Беланов пен Олег Протасовқа көбiрек сенiм артатынын, ардагер үшiн тек сол екеуiне ара-тұра серiк болуға ғана үмiт барын ашық аңғартты. Екiншiден, сол уақытта 35-ке толып, шау тартып қалған «шал» Блохиннiң өзi де құр аттай қутыңдаған жас шабуылшыларға лайықты бәсекелес бола алмайтынын ұққан-ды. Үшiншiден, сол 1987 жылы «темiр тор» ашылып, кеңес футболшыларының шетелдiк клубтарға ауысуына мүмкiндiк туды. Бiрiншi болып мәскеулiк спартакшы Сергей Шавло кетсе (ол Венаның «Рапидiне» барды), оның iзiнше Олег Блохин де аттанды. «Қартайғанда кәрi боз қайдан жорға шыға қойсын», «Форвертстегi» екi жыл iшiнде бiздiң кейiпкерiмiз 42 ойын ойнап, 10-ақ гол соқты. 1989 жылы Кипрдiң «Арис» клубына ауысқан ол бiр жылда 28 рет ойнап, 7 доп енгiздi. Сонымен, ол футболшылық карьерасын аяқтап, бапкерлiкке ауысты. Чемпиондарды шерменде еткен гол Жалпы алғанда, 22 жылға созылған футболшылық ғұмырында Олег Блохин ұзын-ырғасы 765 ресми ойын өткiзiп, 326 гол соғыпты. Бұл – пайызға шаққанда, әр кездесу сайын қақпаға 0,426 доп енгiзiп отырған деген сөз. Әрине, бұл цифр алаңнан голсыз кетуi қиын бүгiнгi супермергендер – Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың көрсеткiштерiне жете қоймасы анық, тiптi сол 70-жылдардағы тағы бiр құралайды көзге атқан мерген – Герд Мюллерге де маңайламауы мүмкiн. Алайда, әр 2 ойын сайын 1 гол дерлiк әлгi көрсеткiш те – әлемдiк деңгейдiң дәрежесiнде! Қазiргi Златан Ибрагимович немесе Робин ван Перси секiлдi шабуылшылардың көрсеткiшi де сол 0,4 пен 0,5-тiң арасын шиырлап жүр. Блохиннiң тағы бiр рекорды – 7 дүркiн КСРО чемпионы атануы (1974, 1975, 1977, 1980, 1981, 1985 және 1986 жылдары). Бұрынғы Кеңес Одағында мұндай табысқа жеткен ешкiм жоқ. 5 рет ұлттық чемпионаттың сұрмергенi атанды (1972, 1973, 1974, 1975, 1977). Бұл да – қайталамақ түгiлi, ешкiм маңайлай да алмаған көр- сеткiш. 3 рет КСРО-ның үздiк футболшысы атанған адам да бiреу-ақ. Бiлiп отырған шығарсыздар, ол да – Олег Блохин (1973, 1974, 1975). Посткеңестiк кеңiстiкте еурокубоктардың үшеуiн ұтып алған жалғыз футболшы да – өзi: Кубок иелерi кубогын 2 рет (1975, 1986), УЕФА Суперкубогын 1 рет (1975). Жеңiскер Киевтiң «Динамосының» осы төрт финалда (Суперкубокта шешушi кезең екi ойыннан тұрады) соққан 9 голының 5-еуiнiң авторы – тағы да Блохинө Әсiресе оның 1975 жылы Мюнхенде «Баварияның» қақпасына енгiзген голы керемет: құйындай жүйткiген  шабуылшы жол-жөне- кей төрт қорғаушыны (оның екеуi – сол кездегi әлем чемпиондары Беккенбауэр мен Шварценбекө) балаша алдап өтiп, далбасалап алдынан шыққан қақпашы Майердi (ол да әлем чемпионы!) қапы қалдырып, допты торға дәл бағыттағанө Егер көрем деп қызықса, бүгiнгi жас жанкүйерлер ғаламтордан бұл голды тауып алып, тамашалауына болады. Жалпы, 1975 – Блохиннiң ойыншылық ғұмырындағы ең табысты жыл. Жоғарыда аталған сан-сапалақ жетiстiктермен һәм жеңiстермен бiрге ол сол жылы әр футболшының арманы саналатын «Алтын доп» марапатына да қол жеткiздi. «Франс футбол» журналының Еуропаның үздiк ойыншысына берiлетiн бұл беделдi сыйлығы үшiн бәсекеде ол өзiнен кейiнгi тұғырларға тұрақтаған сол дәуiрдiң нағыз қаһармандары – немiс Франц Беккенбауэр мен голландиялық Йохан Кройфтан әлдеқайда басым түстi! Рас, КСРО футболынан бұл мәртебелi марапатты алғаш болып даңқты қақпашы Лев Яшин иеленген болатын. Дегенмен, Блохиннiң бұл табысы кейiнгi украиндық iзбасарларына нақты жол сiлтегендей едi. Расында да, содан берi бұл абыройлы сыйлықты бұрынғы Одақ көлемiнен тек украиндықтар ғана алды: Игорь Беланов (1986) және Андрей Шевченко (2004). Олег Блохин «Франс футбол» таңдаулыларының тiзiмiнде бұдан басқа үш рет кездеседi: 1974 жылы – 19-орын, 1976 жылы – 20-орын, ал 1981 жылы – 5-орын алған. КСРО құрамасында 16 жыл бойы өнер көрсетсе де, бiздiң кейiпкерiмiз оның сапында пәлендей жетiстiкке жете алмады. Екi рет (1972, 1976) Олимпиаданың қола жүлдегерi атанды (12 ойын, 9 гол), бiрақ футболда Олимпиялық ойындардың бәсi аса жоғары бағалана бермейдi емес пе... Әлемдiк доп додасына Блохин екi рет қатысты: 1982 жылы кеңес футболшылары ширек финалдан, ал 1986 жылы 1/8 финалдан аса алмады. Бұл чемпионаттарда шабуылшы жалпы алғанда 7 ойын өткiзiп, 2 гол соқты. Желаяқтар отбасынан шыққан футболшы Футболшы Блохиннiң басты ерекшелiгi – жай оғындай жылдамдығы, допты ұршықша үйiрер техникасы және сол аяғының сойқан соққысы болатын. Ол әлгi жоғарыда бiз суреттегендей жеке шеберлiкке негiзделген ғаламат голдарды аз соққан жоқ. Сонымен қатар Олег – командалық ойыншы-тұғын. Тек сол қапталда ғана емес, қажет кезде орталық шабуылшы боп та ойнай беретiн, тiптi 80-жылдардың ортасында оның алдағы Беланов пен Евтушенкоға пас шығарып берiп, ортаңғы шепте ойнақ салған кездерiн де көрдiк. 30-дан асып қалған сол кездiң өзiнде оның желдей есер жүйрiктiгi талай қорғаушыны қапы қалдырған-ды. Оның жылдамдығы – қан арқылы келген қабiлет. Tйткенi, әкесi Владимир де, шешесi Екатерина Адаменко да – көптеген жарыстарға қатысқан тәжiрибелi желаяқтар болған. Анасы Олегтi де осы спорт түрiне баулып бастаған екен, алайда, жас баланың назары ала допқа ауа берсе керек. Есесiне, жас күнiнде бiршама айналысқан жеңiл атлетика, оның iшiнде қысқа қашықтыққа жүгiру Еуропаның болашақ үздiк футболшысының бiр қырын, атап айтқанда, жүйрiктiгiн бекем ете түскен екен. 1989 жылдың 28-маусымында Олег Блохиннiң футболмен қоштасу кешi өттi. Киевтегi Республикалық стадионды лық толтырған 100 мың жанкүйердiң көз алдында Әлем құрамасы мен КСРО құрамасы кездестi. Әлем құрамасының сапында әйгiлi итальяндықтар Клаудио Джентиле мен Джанкарло Антониони, атақты бельгиялық қақпашы Жан-Мари Пфафф, даңқты немiстер Пауль Брайтнер мен Карл-Хайнц Ферстер, белгiлi француз шабуыл- шысы Доминик Рошто, бразилиялық майталман Дирсеу, басқа да сол заманның жұлдыздары өнер көрсеттi. КСРО құрамасында кеш иесiнiң ұзақ жылғы әрiптестерi – Александр Чивадзе, Хорен Оганесян, Сергей Балтача, Владимир Бессонов, Игорь Беланов, Федор Черенков, Сергей Родионов және т.б. ойнады. Блохин бiрiншi таймды кеңес командасында, екiншi таймды дүниенiң түкпiр-түкпiрiнен келген достарының ұжымында өткiздi. Тартысты да қызықты өткен ойын 3:3 есебiмен тең аяқталды. Айтпақшы, танымал әншi Тамара Гвардцители орындайтын «Виват, король!» әнi тап осы қоштасу ойынына арналып жазылған едi. Бапкер ретiнде О.Блохин ойыншы кезiндегiдей көп жетiстiкке жете қойған жоқ. Грекияда «Олимпиакос», «Ионикос», «ПАОК» клубтарын жаттықтырған ол күмiс жүлдеден аса қоймады, тек бiр рет ел кубогын жеңiп алды. 2003 жылдың күзiнде Украина құрамасының тiзгiнiн ұстап, оны 2006 жылғы Әлем чемпионатының финалдық кезеңiне алып шықты. Германия жасыл алаңдарында да жасқанбай ойнаған оның жiгiттерi ширек финалға дейiн жетiп, онда тек болашақ чемпион – Италиядан ғана жеңiлдi. Келесi Еуропа бiрiншiлiгiнiң ақтық кезеңiне шыға алмаған соң орнынан кеткен Блохин ұлттық құрамаға 2011 жылдың көктемiнде қайта оралды. Бiрақ оның шәкiрттерi биыл жазда өз елiнде өткен құрлық додасында топтық турнирден аса алмады. Ал осыдан бiр жарым ай бұрын Олег Блохин өзiнiң 20 жылға жуық жастық ғұмыры өткен, екiншi үйiндей болған командаға – Киевтiң «Динамосына» бас бапкер болып тағайындалды. Жеңiске шөлдеген клубтың баяғы даңқы ендi қайта оралар ма екен?.. Әркiмнiң де жас күнiнен жанына жақын тарта бастайтын сүйiктi әншiсi, актерi, жазушысы болатыны секiлдi, балалық шақтан өзiне өнеге тұтар спортшысының болуы да түсiнiктi жайт. Өткен ғасырдың 70-жылдарының аяғына таман қазақ ауылының қара топырағын аспанға көтерiп, ортадағы жаман резеңке доп үшiн алашапқын болатын жалаңаяқтар үшiн шын кумир – Олег Блохин едi... Cәкен СЫБАНБАЙ "Алматы Ақшамы"
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×