«Мәңгі жас» Маттеус

05.04.2011, 07:29
«Мәңгі жас» Маттеус

Футбол тарихында өзіндік орны бар футболшыларға әсіресе неміс жері бай екені мәлім. Сондай сайыпқырандардың бірі – жасыл алаңнан 40 жасына дейін кетпеген әйгілі жартылай қорғаушы Лотар Маттеус.

Ең кішкентай, ең әлжуаз

Әсіресе әлемдік доп додасының рекордтары туралы сөз қозғалғанда, Маттеусті айналып өту мүмкін емес. Финалдық турнирлерде ең көп (25) ойын өткізген де – сол, бес әлем чемпионатына қатысқан алаңдағы жалғыз ойыншы да – сол (дәл осындай көрсеткішке ие мексикалық Антонио Карбахал – қанша дегенмен, қақпашы ғой). [caption id="attachment_2223" align="alignright" width="302" caption="командаласы Феллермен"][/caption] Әрине, спорт тауарлары дүкені бар ерлі-зайыпты кәсіпкерлер Хайнц пен Катарина Маттеустер кіші ұлдарының болашақта атақты футболшы болатынын болжай қоймаған шығар. Олар Лотарды да ағасы Вольфганг секілді осы кәсіпке бейімдегісі келді. Алайда, балақайдың басындағы ой басқаша еді. Азаннан ақшамға дейін ала доптың соңында алаөкпе болатын ол қалайда футболмен кәсіби түрде айналысуды армандады. Мектепте сыныбындағы ең бойы кішкентайы да, ең әлжуазы да өзі болғандықтан, кейде қатарластарының артықшылығына қызығып, «мама, мені неге мұнша құйтақандай ғып тудың?» деп шешесіне жылап келетін. Дегенмен, тынбай жаттығу мен тұрақты футбол ойнаудың нәтижесінде ол кәмелетке толарда сымбаты көз тоярдай көркем атлет боп шықты.

Лотар Маттеус

1961 жылдың 21 наурызында Эрланген қалашығында (Германия) дүниеге келген;

Германия ұлттық құрамасының сапында 150 ойын өткізіп, 23 гол соққан;

Бес әлем чемпионатына барып (1982, 1986, 1990, 1994, 1998), финалдық турнирлерде жалпы саны 25 ойын өткізіп, 6 гол соққан;

Әлемнің және Еуропаның 1990 жылғы үздік футболшысы;

«Боруссия», Менхенгладбах (1979-1984), «Бавария» (1985-1988, 1993-2000), «Интер», Италия (1988-1992), «Нью-Йорк Метростарз», АҚШ (2000) клубтарында өнер көрсеткен;

Әлем чемпионы (1990), Еуропа чемпионы (1980), УЕФА кубогының 2 дүркін иегері (1991, 1996).

Лотар кәсіпқой футболдағы алғашқы келісім-шартты Менхенгладбахтың «Боруссиясымен» жасасты. Бұл кезде ол небәрі 18 жаста еді. 1980 жылдың көктемінде «Боруссия» УЕФА кубогының финалына шықты, ал Маттеус ойлы ойынымен ұлттық құраманың жаттықтырушысы Юпп Дервальдің назарын аударды. Сол жылғы Еуропа біріншілігінде алаңда тек 16 минут қана ойнағанымен, өзге әріптестерімен бірге құрлық чемпионы атанған оның әлемдік доп додасындағы дебюті 1982 жылы болды. Испанияға да қосалқы құрам ойыншысы есебінде барған жас талант небәрі екі ойынға ғана қатысып, жасыл алаңда ұзын-ырғасы 50 минут қана өткізді.

Марадонамен жекпе-жек

Ол кезде ГФР (Германия Федеративтік Республикасы) деп аталған елдің ұлттық құрамасының тізгінін Франц Беккенбауэр алған соң ғана ол негізгі құрамға тұрақты іліге бастады. 1986 жылғы әлем чемпионатында Маттеус команданың тұтқалы жартылай қорғаушысына айналған болатын. Лотардың өз міндетіне аса жауапты ұқыптылығы мен шаршау білмес төзімділігін айрықша бағалайтын бапкер оны шабуылға көбірек көңіл бөлетін Феликс Магаттың ту сыртына орналастырып, қорғаныс шебінің басты көмекшісі есебінде пайдаланды. Алайда, мақтаулы жартылай қорғаушы Уругваймен болған алғашқы кездесудің 4-минутында-ақ масқара қателік жасады: өз қақпашысына асырмақ болған ол допты абайламай Антонио Алсамендидің алдына салды да берді – 0:1. Әбүйір болғанда Клаус Аллофс 85-минутта әрең дегенде таразы басын теңестіріп, команданы күтпеген жеңілістен сақтап қалды.

Бұдан қорытынды шығара білген Маттеус сақ та сауатты ойнап, құраманың негізгі көшбасшыларының біріне айналды. 1/8 финалда ГФР футболшылары марокколықтар қақпасының кілтін еш таба алмай қойғанда, көмекке Лотар келіп, 88-минутта 35 метрдей жерден айып добын дәл орындап, команданы ширек финалға алып шықты. Мексиканы пенальти арқылы 4:1, Францияны негізгі уақытта 2:0 есебімен ұтқан немістер финалда Аргентинамен кездесті. Беккенбауэр бұл жолы өзінің сенімді шәкіртіне әлемнің үздік футболшысы – Диего Марадонаны көзден таса қылмауды тапсырды. Маттеус міндетін адал атқарды: осыған дейінгі матчтарда 5 доп соққан даңқты аргентиналықтың бұл жолы қанжығасы майланған жоқ. Алайда, Лотар оны ең шешуші сәттерде назардан тыс қалдырды: 23-минутта одан оңбай алданған жартылай қорғаушы Марадонаны шалып жығуға мәжбүр болды (айып добынан соң Хосе Браун есеп ашты). Сосын таразы басы теңесіп, қуаныштан жүрек өрекпіп тұрған 85-минутта ол бір сәт «уһ» деп тыныстауға мүмкіндік алды. Бірақ алаңда Ұлы Мәртебелі Диего тұрған кезде бір мезет тыныс алу мүмкін бе?! Бір минут бақылаусыз қалған оның допты 40 метрдей жерден Хорхе Бурручаганың алдына дәл тастағаны сондай, гол болмауы мүмкін емес еді...

Ақыры құлаған рекорд

Мексикадағы салыстырмалы түрдегі сәтсіздік (қалай дегенмен, күміс жүлде ғой) Беккенбауэр-бапкердің Маттеуске деген сенімін сетінете алған жоқ. Керісінше, кезекті, 1990 жылғы әлемдік доп додасы қарсаңында «Кайзер Франц» Лотармен жеке әңгіме өткізді. «Бізге ешқашан ерік-жігері мұқалмайтын, жігіттерді соңынан ерте алатын көшбасшы керек, – деді ол. – Бұл сенің қолыңнан келетініне сенемін. Сондықтан да капитан етіп тағайындаймын. Енді сен тылға көп қарайлама. Ол міндетті Гвидо Бухвальд атқарады. Ал сен шабуылға дем бер, команданың бүкіл ойынын ұйымдастыр. Менің идеямды алаңда іске асырушы басты диспетчер өзің бол. Сонда осы чемпионатта сенің де жұлдызың жанады, Отаныма бапкер ретінде алтын кубокты алып беріп, менің де жаным жай табады». Маттеус ұстазының талабын бұлжытпай орындады. Бапкер сенімі оған қанат бітіргендей болды. Бұл чемпионатта одан артық ойнаған ешкім болған жоқ. Біріншіліктің үздік футболшысы атағын 6 гол соққан итальяндық шабуылшы Сальваторе Скиллачи ап кеткенімен, доданың басты жұлдызы Маттеус екенін елдің бәрі мойындады. Жыл соңында «Франс футболдың» «Алтын добы» да осы бір шаршау білмес неміс футболшысына бұйырды. Ал финалда ол баяғы Марадонамен қайта кездесті. Бұл жолы аргентиналық ештеңе істей алмады. Керісінше, Маттеус бастаған ГФР құрамасы айқын басымдықпен ойнады. Қарсыластары Лотарды көзден қанша таса қылмаса да, ол командасын алға сүйреп, жеңіс үшін ерен еңбек сіңірді. 1994 жылғы дода біздің кейіпкеріміз үшін де, Германия үшін де аса сәтті бола қойған жоқ. Ширек финалда олар Болгариядан ұтылып қалды. Бұл – Маттеустің финалдық турнирлердегі 21-ойыны еді. Қызық болғанда, бұған дейінгі үш рекордшы да осы көрсеткішке кеп тоқтаған болатын. Неміс шабуылшысы Уве Зеелер 1958, 1962, 1966 және 1970 жылдары 21 ойын өткізді. Үш әлем чемпионатында 20 рет алаңға шыққан поляк қорғаушысы Владислав Жмуда 1986 жылы бір-ақ рет ойнады да, Зеелерден оза алмады. Диего Марадонаның 1994 жылғы Нигериямен ойыны да оның 21-матчы-тұғын. Кездесуден кейін оның тыйым салынған дәрі – эфедрин ішкені анықталды да, чемпионатты әрі қарай жалғастыру құқынан айрылды. Сөйтіп, осы төрт футболшы да бір цифрға – 21-ге кеп тоқтады. Беккенбауэрдің орнын басқан бас бапкер Берти Фогтспен тіл табыса алмаған Маттеус 1994 жылдың күзінен бастап құрамаға шақырылмайтын болды. Алайда, жаттықтырушы «ардагер футболшының бай тәжірибесі әлі де қажет» десе керек, 1998 жылғы доп додасы басталар сәтте 37 жастағы Лотарды қайта есіне алды. Футболдың статистикасын сүйетін жанкүйер қауым қалам-қағазын әзірлей бастады. Әлемдік рекорд көп күттірген жоқ: Югославиямен ойынның екінші таймда алаңға Маттеус шықты! Бұл – оның финалдық турнирлердегі 22-матчы еді (кейін тағы үш матчқа қатысты). Бұған қоса ол бес чемпионаттың дәм-тұзын татқан әйгілі мексикалық қақпашы Антонио Карбахалды қуып жетті.

* * *

Жиырма жыл (1980-2000) ішінде ГФР құрамасының жейдесін 150 рет киген Л.Маттеус кейінгі жылдары өзін бапкер ретінде танытып жүр. 2003-2005 жылдары ол Венгрия құрамасын жаттықтырса, кейін Израильдің «Маккаби» клубымен жұмыс істеді. Ал қазір Болгария ұлттық құрамасының бас бапкері болып істейді...

Сәкен СЫБАНБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
2.007
Ничья
3.995
П2
3.605
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.986
Ничья
3.785
П2
3.87
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.518
Ничья
4.79
П2
6.31
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.22
Ничья
3.685
П2
2.252
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.436
Ничья
3.83
П2
2.823
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.17
Ничья
3.76
П2
1.922
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.074
Ничья
15.5
П2
33
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
×