Мануэль Нойер Бундеслига рекордын орнатты

20.03.2022, 17:01
35 жастағы қақпашы Оливер Канның рекордын жаңартты.
Мануэль Нойер Бундеслига рекордын орнатты

Кеше, 19 наурызда Бундеслиганың 27-туры аясындағы ойында «Бавария» «Унион Берлинді» жеңді (4:0). Мюнхендік клубтың қақпашысы Мануэль Нойер негізгі құрамнан шығып, толық ойын өткізді.

OptaFranz порталының хабарлауынша, бұл Нойер үшін Германия чемпионатындағы 311-ші жеңіс болды. Осылайша, Мануэль мансабында 310 мәрте жеңіске жеткен Оливер Канның рекордын жаңартты. Бұл нәтижеге жету үшін Нойерге 460, ал Канға 557 кездесу қажет болды.

35 жастағы «Бавария» қақпашысы Бундеслигада 2006 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол мансабын «Шальке 04» клубында бастап, 2011 жылдың жазында «Баварияға» ауысты.

Нойер осы маусымда 22 ойынға қатысып, 20 гол жіберіп алды, сегіз матчта қақпасын голдан аман сақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×