Қақпашы жасы 38-ге келсе де, бундестим сапында бағын сынап көрігісі келеді.
Бірақ әйгілі қақпашы құрамаға тек Юлиан Нагельсманның шақыртуымен ғана келетінін айтып жеткізді. Манудың қалауы бойынша, жаттықтырушы оны Бундестимның маңызды мүшесі ретінде құрмет көрсетіп, оның көмегіне жүгінуі тиіс екен. Сонда ғана 38 жастағы қашпашы Германия жейдесін қайта киюге көніп қалады.
2024 жылы Германиядағы мансабын аяқтаған Нойер жалпы алғанда, өз елінің ұжымында барлығы 124 матч өткізді.
Айтпақшы, Юлиан мен Мануэльдің арадағы сәлемі түзу емес. Нойердің құрамадағы мансабын аяқтауына себепкер болған дәл осы Нагельсманн екенін көп адам біле бермейді. Мүмкін Нойер осы мәлімдемесі арқылы бас жаттықтырушының кешірімін алуды көздеген болар.
Қазірде Бундестимнің нақты негізгі қақпашысы жоқ. Бірде матчтарда Оливер Бауманн тұрса, бірде Марк-Андренің алаңға шыққанын көріп жүрміз.