Маңызды матч

23.05.2011, 15:03
Маңызды матч
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 3 маусым күні Астанада Әзірбайжан құрамасын қабылдайды. Бұл – Қазақстан құрамасының 2012 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясындағы алтыншы ойыны. Басқасы басқа, бірақ осы ойынға ерекше көңіл бөлудеміз. Біз ғана емес, бас бапкер Мирослав Беранек те осы ойынға жан-жақты дайындалып жатқандай. Себебі чех маманы біздің құраманың тізгінін «Еуро-2012» іріктеу турнирінің бел ортасына таман алса да, оған осы жолы өз тобымызда бесінші орын алу жүктелген. Осы електік додадағы Мирослав Беранектің алдына қойылған мақсат – осы. Ал «А» тобының турнир кестесіне көз жүгіртер болсақ, дәл қазір Әзірбайжан үш ұпаймен бесінші орында тұр да, соқыр ұпайы да жоқ Қазақстан құрамасы соңғы орынды саялауда. Әзірбайжаннан жоғары – Австрия (7 ұпай). Одан әрі – Түркия (9 ұпай). Яғни жетсек, енді тек Әзірбайжанға ғана жетіп, алдын орай аламыз. Қағаз жүзінде Германиядан басқасының бәрін де қуып жетуге болады. Ол үшін қалған құрамалар соңғы ойындарының бәрінде ұтылып, біздің футболшылар бес рет жеңіске жетуі керек. Бірақ іс жүзінде бұлай болуы мүмкін емес. Сондықтан шындыққа тура қарап, шама-шарқымызға қарай көсілгеніміз абзал. «А» тобында бесінші орын алу үшін өз жерімізде Әзірбайжанды ұтуға тиіспіз. Бетін аулақ қылсын, ал егер қара басып ұтылып қалсақ, онда Каспийдің арғы бетіндегі көршілеріміз бізден 6 ұпай ұзап, қара үзіп кетеді. Онда шаңға көміліп, көш соңында қалғанымыз. Сондықтан 3 маусым күні қайтсек те жеңіске жетуіміз керек. Жалпы, Азиядан Еуропаға ойысып, аяқдоп өнері геометриялық прогрессиямен дамып келе жатқан УЕФА құрамына мүше болғалы, біздің жасыл алаңдағы басты бәсекелесіміз Әзірбайжан болған секілді. Бұрынғы басты бәсекелесіміз де, бақталасымыз да Өзбек­стан еді. Қазір – Әзірбайжан. Саяси тұрақтылығымыз бен экономикалық және әлеуметтік жағдайымыз жағынан алғанда, Әзірбайжаннан озып кетпесек, қалыс емес шығармыз. Сондықтан жасыл алаңда да олардан кейін тұрғымыз келмейді. Кейінгі кезде бокстан да әзірбайжандар басты бәсекелесімізге айналды. Бұл тұрғыда, WSB (Әлемдік бокс сериясы) аясындағы «Астана арландары» мен «Баку оттары» арасындағы айқастарды есімізге түсірсек те жарар. Дәл қазір «қай елдің футболы озық?» деген мәселені төтесінен қойып, жауап беру қиын. Әзірбайжандар өздерін бізден жоғары тұрғандай сезінері айтпаса да түсінікті. Біріншіден, ұлттық құрамалар арасындағы ФИФА-ның бүкіләлемдік рейтингінде олар 108-орында да, біз 139-орында тұрмыз. Екіншіден, деңгейі біршама жоғары Ресей чемпионатында ойнайтын әзірбайжан футболшылары бар да, Ресей клубтарының сапында өнер көрсететін қазақ жоқ. Тіпті кейбіреулер «дәл қазір Әзірбайжан чемпионатының деңгейі қазақтардікінен жоғары» деп те жүр. Үшіншіден, биыл қаңтар айының алғашқы күндері «Нефтчи» клубының 18 жастағы жартылай қорғаушысы Араз Абдуллаев ағылшынның «Эвертон» атты клубымен келісімшартқа отырды. Ал Тұманды Альбион тұрмақ, Батыстың басқа клубына алынған Алаш баласы болмай тұр, әзірге. Есесіне, 2008 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасында біз Әзірбайжандармен бір топта ойнап, олардан асып түскенбіз. Өз тобымызда 6-шы орын алып, армяндар мен әзірбайжандардан жоғары орналасқанбыз. Дәл солай осы жолы да асып түсуді көздейміз. Қазақстан құрамасының кейбір футболшылары 26 наурыз күні Германия құрамасынан 0:4 есебімен ойсырай ұтылғанда, «бұл жеңілісті ұмыту керек, енді Астанада әзірбайжандарды ұтып, осы сәтсіздігіміздің орнын толтыруымыз керек» деген. Осы сөздер қазақстандық басылымдарда жарық көріп еді, оны Әзірбайжан журналистері өз футболшылары мен жаттықтырушыларына жеткізіп, отқа май құя түсуде. Өз кезегінде әзірбайжандар да қарап қалып жатқан жоқ. «Қазақтар біздің құраманың күш-қуатын білмейді әлі» деп, қытығымызға тиіп, алақандарын ысқылап жүр. Ендеше, қызықтың көкесі алда. Кім жеңеді, кім жеңіледі? Кім ұтады, кім ұтылады?
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.355
Ничья
5.45
П2
9.55
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
2.019
Ничья
3.85
П2
3.69
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.986
Ничья
3.87
П2
3.785
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.529
Ничья
4.74
П2
6.21
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.16
Ничья
3.605
П2
2.314
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.364
Ничья
3.85
П2
2.915
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.225
Ничья
3.745
П2
1.915
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.075
Ничья
15
П2
33
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.659
Ничья
4.58
П2
4.885
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.151
Ничья
9.3
П2
20
Алдыңғы жаңалық
Болжам бұрыш
Келесі жаңалық
Кім мықты ? Кім осал?
Aladop Youtube
×