Мақсат Әмірханов: «Қарсылас команда жақсы қорғана алды»

19.08.2020, 20:09
«Тараз» командасының капитаны клубтың баспасөз қызметіне «Қызылжармен» болған ойын туралы пікірімен бөлісті.
Мақсат Әмірханов: «Қарсылас команда жақсы қорғана алды»

- Чемпионаттың қайта басталғанына шын қуаныштымын. Әрине осындай үзілістен соң оралу ойынға әсер етеді. Кездесу оңай болмады. Дегенмен ойын барысын бірден өз қолымызға алуға тырыстық. Менің ойымша, матч соңына дейін жақсы ойын болды. Тек гол ғана жетіспеді. Қарсылас команда жақсы қорғана алды.

Футбол болған соң осындай жағдайлар болып тұрады. Доп домалақ. Алдағы кездесулерде жеңіске жетуге барынша тырысамыз.

Қазіргі елдегі жағдайға байланысты стадионға келе алмаса да, экран алдында тақымын қысып отырған жанкүйерлер көп екенін білеміз. Оларға алғысымыз шексіз!

"Тараз" ФК баспасөз қызметі


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×