Мақсат Байжанов «Қайсар» клубымен келісім-шарт жасасты

13.03.2021, 02:21
Мақсат бұған дейін де «Қайсар» сапында ойнаған.
Мақсат Байжанов «Қайсар» клубымен келісім-шарт жасасты

"Қайсар" жанкүйерлерінің сүйікті футболшысы Мақсат Байжанов жаңа маусымда қызылордалық клубтың намысын қорғамақ. Біраз жылдар команданың капитаны болған Мақсат биыл капитандық міндетті командалас інісі Думанға табыстады.

Мақсат өткен маусымда Бірінші лигада бақ сынаған "Атырау" командасында өнер көрсетті. 7 матч өткізіп 4 голды өз еншісіне жазды. Байжанов 2017-2019 жылдар аралығында "Қайсар" командасында доп тепкен.

Айта кетейік, Мақсат отандық футболшылардың құрметіне берілетін Серік Жейлітбаев атындағы сыйлықтың иегері.

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×